Әлімбай Медеркүл Медетжанқызы - 1995 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тарғап ауылында дүниеге келді. 2012 жылы Тарғап орта мектебінің 11-сыныбын аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының «5В071100-Геодезия және картография» мамандығына оқуға түсті. 4 жылдық оқу курсын аяқтаған соң, 2016 жылы техника және технологиялар бакалавры дәрежесі берілді. Сол жылы аталған университеттің «6М074100-Картография» мамандығына магистратураға түсіп, 2018 жылы «Алматы облысының ауыл шаруашылық жерлерінің картографиялық негізінің құрылымы (Жамбыл ауданы мысалында) атты магистрлік диссертациясын г.ғ.д., профессор Р.Т. Бексеитованың жетекшілігімен жоғары бағамен қорғап, техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2023-2024 оқу жылында картография және геоинформатика кафедрасының «Геодезия, фотограмметрия және цифрлық картография» ғылыми-зерттеу зертханасына маман қызметіне қабылданды. 2024 жылы аталған университеттің «8D07303 - Картография» білім беру бағдарламасының докторантурасына (PhD) қабылданды. Қазіргі уақытта картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы қызметін атқаруда.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2016
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0